Соңғы уақыттары аймақ тұрғындары жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына жиі шағым айтып жүр. Әсіресе су жағасындағы карьерге күмән көбейіп, құзырлы сала мамандарына арыз жолданыпты. Ал бақылау нәтижесінде бір жер қойнауын пайдаланушы әкімшілік жауапқа тартылса, енді біріне тиісті ескерту де жасалған. Қазіргі уақытта құзырлы сала мамандары қадағалау жұмыстарын күшейткен.