Қазіргі уақытта шаһарда 49 көппәтерлі тұрғын үйдің жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 17 үй бойынша күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Алдағы қыс айларына дайындығы - өте маңызды мәселе. Бұл туралы қала әкімінің төрағалымен өткен жиын барысында қаузалып, жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды.