«Қазақстан» телерадио корпорациясын 6 жарым жылдай басқарып келген Ләззат Танысбай өз шешімімен Корпорацияның Басқарма төрайымы ретіндегі қызметін аяқтады.
Медиаменеджер жетістіктерге жұмыла жету жолында кәсібилік көрсетіп, ісіне адалдық танытқан әріптестеріне алғысын айтты. Ал Басқарма басшылығына ұлттық арнада тілшілік тіршілігімен көзге түсіп, кейін Қазақ радиоларына басшылық қызметке дейін өскен журналист Ернұр Бурахан тағайындалды.
Мемлекеттік қызметте де тәжірибесі бар маман соңғы бір жылда Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасына жетекшілік еткен еді.