Өңірде студенттер жатақханасы 26-тамыздан бастап беріледі. Қазір 10 жатақханада 4 жарым мыңнан астам орын бары белгілі. Олардың көбі үлкен жоғары оқу орындарына тиесілі.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен медициналық университеттің әрқайсысында 2 мыңнан астам жатын орын қарастырылған. Сонымен бірге бірнеше жеке студенттер үйі білім қуған жастарды қабылдауға әзір.

Ал колледждерде 2 жарым мыңға жуық орынға шақталған жатақхана бар.