Қала мешітінің наиб имамдары мен аудан имамдары біліктіліктерін арттырды. Бүгін 40-қа жуық дін қызметкерлерінің қатысуымен семинар - тренинг өткізілді. Бұл жолы Алматыдан арнайы келген психолог мамандар дәріс жүргізді. Мұндағы мақсат - жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнату, ашықтық пен сенімділік тақырыптарына тереңірек үңілу. Айта кетейік, шара ертең де жалғасын табады. Жиынның екінші күні қатысушыларға ұлттық құндылықтар тақырыбы түсіндіріледі.