Алға қаласында қасбеті көнеріп, түсі оңып кеткен көпқабатты тұрғын үйлер жаңартылып жатыр. Іргетасы осыдан жарты ғасыр бұрын қаланған нысандар әбден тозған. Жергілікті әкімдік тұрғындардың келісімімен қайта қалпына келтіру жұмыстарына кіріскен.