Үш күннен бері шаһардағы Триатлон саябағында "Жұлдызды жәрмеңке" өтіп жатыр. "Жүректен жүрекке" еріктілер тобының ұйымдастыруымен қолға алынған шараға өңіріміздің қайырымды тұрғындары да атсалысты. Ал жиналған қаражат аз қамтылған отбасындағы балалардың мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдығына үлестіріледі.