Мән-мағынасы жоқ аударма, әріп қателері мен орынсыз қойылған тыныс белгілер. Мұндай қателік қала көшелеріндегі жарнамаларда жиі кездеседі. Сондықтан облыстық басқарма мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты байқау өткізді. Бұл республикалық сайыстың облыстық кезеңі. Онда кәсіп иелері мен жеке тұлғалар қазақ тілінде сауатты жазу үлгісін көрсетті.