Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі елді мекенінде және Қандыағаш қаласында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Бұл «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында қолға алынған жұмыс.

Іс-шараға заңгерлер, сот орындаушылары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Тұрғындар көбіне интернет желісіндегі алаяқтық мәселесін көтеріп, мұрагерлікке, несиеге қатысты заңгерлік кеңес алды.

Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, жол белгілерін орнату, қарақұртқа қарсы күресті күшейту, қоғамдық көлік бағыттарын ұлғайту жөнінде ұсыныс түсті.