2026 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оның аясында кәсіпкерлер енді салықтық есепті тоқсан сайын емес, жылына бір-ақ рет тапсырады. Бірыңғай жер салығы да жойылмақ. Бұл туралы аймақ кәсіпкерлерімен кездескен Қаржы министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Онда бұған дейін қосымша құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға өзгергені де айтылды. Және жиын барысында кәсіп иелерін толғандырған сұрақтарға жауап берілді.