Он күннен соң елімізде күзгі әскери қызметке шақыру науқаны басталады. Алдағы айларда 1100-ден астам ақтөбелік еліміздің түрлі өңіріндегі бөлімге жіберіледі. Көбі Қарулы күштер қызметіне алынады. Мұнда 590 жігітті жіберу жоспарда бар. Сонымен бірге Ұлттық ұланға, шекара қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне, Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады. Соңғы екеуіне бар болғаны 41 жігіт таңдалады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің жетекшілігімен өткен жиында айтылды. Ендігі міндет дер кезінде құлағдар етіп, медициналық тексеруден сапалы өткізу. Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы орган, әсскери қызметкерлер ме денсаулық сақтау саласының мамандары жауапты.