Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде мемлекеттік грантқа іліге алмаған 40 ақтөбелікке жергілікті грант берілді. Олар Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқиды. Гранттар 5 бағыт бойынша бөлінді. Бәрі аймақта тапшы мамандықтарды дайындайтын бағыттар. Бұған қоса жергілікті бюджет есебінен медицина мамандары да даярланады. Бұл бағыт бойынша құжат қабылдау бүгін басталды.