«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары жасыл-желекті күтіп ұстаудың негіздерін үйренді. 


Жасыл аймақтарды сақтау, жастардың экологиялық таным көкжиегін кеңейту мақсатында өткен шеберлік сабағында тәжірибелі орман инженерлері жас көшеттерге күтім жасау, зиянкестермен күрес, ылғалдылығын қадағалау сияқты тәсілдерді түсіндірді