Қаладағы білім беру ұйымдарында үш жүзден астам педагогтің орны бос тұр. Бұл биыл жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған жастарға зор мүмкіндік.

Оның үстіне жұмысқа орналасу үшін бұрынғыдай құжатын арқалап, мектеп табалдырығын тоздырмайды. Онлайн тапсыра алады. Ал, бос жұмыс орындарымен бүгін жәрмеңке кезінде танысып білді.