Мәртөк ауданы Кеңсахара ауылында жаңа мектептің құрылысы басталды. Білім ордасы 100 оқушыға шақталған. Қолданыстағы білім ұясы саманнан салынған, тозығы жетіп тұр. Алайда жөндеуге жарамсыз дейді мамандар. Құрылыс барысын біздің түсірілім тобымыз көріп келді.