Бүгін дүниежүзінде тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп келе жатқан архив қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр. Мерекенің дәл осы күні белгіленуі бекер емес. Себебі 1948 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Халықаралық архивтер кеңесі құрылған. Осыған орай менің әріптестерім құнды құжаттарды құнттап, өңірдің тарихи жадын жинап келе жатқан облыстық мемлекеттік архивтің жұмысымен танысып келді.