31 мамыр тарихымыздағы ең қасіретті кезеңдердің бірі - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күні ақтөбеліктер тарихтағы зұлмат жылдардың құрбаны болған ата-баба рухына тағзым етті.

Ұрпақтары Түйетөбеге барып, құран бағыштады. Тоталитарлық жүйенің бар салмағын тартқан азаматтарға арналған ескерткішке гүл қойды. 1920-1950 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағында өмір сүрген көптеген халыққа, соның ішінде қазақ халқына да, орасан зор қайғы-қасірет әкелді.

Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, елімізде 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілген. Ақтөбе облысында 7 мыңға жуық адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның ішінде 1800 адам ату жазасына кесілді.