Биыл 7 қала сыртындағы және 699 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Барлығы 291 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады. "Әлия", "Campit", "Шұғыла", "Мұғалжар" және"Нефтяник" қалааралық лагерьлері жөндеу жұмыстарынан өтті. Маусымның 1-5 аралығынан бастап балалар қабылдауды бастайды.

Ал, жыл бойы жұмыс істейтін "Күншуақ" және "Әсем" лагерьлерінде 2 532 бала демалады деп жоспарланған. Тағы 233 кәмелетке толмаған бала "Балдәурен" және "Бөбек" республикалық балалар орталықтарына барады. 3 960 бала демеушілік қаражат есебінен лагерьге жолдамамен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, мектеп жанындағы лагерьлерге 161 мыңнан астам бала барады. Ал қосымша білім беру мекемелері жанындағы 49 жазғы алаңда 21 мың бала тынығады. Сондай-ақ, 716 оқушы "Жасыл ел" және "Спарта" мектеп шаруашылығына жұмысқа орналасады, 30 мыңнан астам бала туристік жорықтар мен экскурсияларға қатысады.