Облыстық өнер музейінде ерекше бала Искандер Сағынайдың «Үнсіз дауыс» көрмесі өтті. Көрермен назарына талантты жасөспірімнің жылдар бойы салған түрлі жанрдағы отызға жуық картинасы ұсынылды. Искандердің сурет салуға деген құлшынысы 10 жасында оянған. Алғашында ақ қағазға қарапайым қарындаш, бояулармен ішкі әлемін бейнелей бастаса, уақыт өте келе бұл әуестік терең шығармашылыққа айналған. Оның алғашқы суреттері — ішкі сезімімен үнсіз тілдесудің көрінісі іспетті. Әрбір бояу мен қылқалам ізінде бала арманының бейнесі жатыр. Осылайша көрме — 17 жастағы жас суретшінің жеке шығармашылық әлеміне терең үңілуге мүмкіндік берді. Картиналары жай ғана сурет емес, көрерменнің жан дүниесіне әсер етіп, ерекше сезімге бөлейтін өнер туындылары. Айта кетейік, бұл көрме 8 маусымға дейін жалғасады.{