Облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалада Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ресурстық орталық ашылды. Азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған маңызды бастама аталған ұйымның әлеуетін арттыруға, қызметін жүйелеуге арналған.
Алдағы уақытта мұнда келушілерге тегін құқықтық, ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетілмек. Әрі олар семинар-тренингтер мен кездесулерге және басқа да танымдық шараларға қатыса алады.
Айта кетейік, бүгінде аймақта 600-ге жуық үкіметтік емес ұйым болса, соның әзірге 26-сы нақ осы орталықпен бірлесіп жұмыс істеуді мақсат етіп отыр.