Өңірдегі кадет класы алғашқы түлектерін ұшырды. Малкеждар Бөкенбаев атындағы заң институтының базасында Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадет класында білім алған жас сақшылар бүгін сертификатқа ие болды.

Олар мектеп қабырғасында жүріп-ақ құқық қорғау органдарының тәртіп-талабын бойына сіңіріп өсті.