Қала күніне орай өткен жексенбіде "Ақтөбе 2025" жүгіру марафоны өтті. Жарысқа 1300 адам қатысты. Олардың қатарында өзге аймақтарынан, тіпті көршілес елден келген марафоншылар да бар.
Олар 3, 10, 21 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Таңғы жетіде басталған марафоннан жас та кәрі де табылды. Қатысушылардың ең кішісі 10 жаста, үлкені жетпісте.