Облыста мамыр мерекелеріне арналған шаралар легі көп. "Шатлык" этно мәдени бірлестігі ұйымдастырған танымдық кеш те Жеңіс күніне арналды. Бұл күнді бірлестік өкілдері Кеңес Одағының батыры Рауф Кутуевтың 100 жылдық мерейтойына арнады.
Кездесуге тыл ардагерлерін шақырып, құрмет көрсетті. Айта кеткен жөн, Рауф Кутуев 1943 жылы қаңтарда Ақтөбе қалалық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылды. Запорожьені азат етуге қатысып, Изюм бағытында шайқасты. Ротада ұқыпты да батыр жас жауынгер бірден көзге түсті.
1944 жылы 15 мамырда жауынгерлік және саяси даярлықтың үздігі Кутуевке кіші лейтенант атағы берілді.