Бүгін 45 жас ақтөбелік әскерге аттанды. Олар Отан алдындағы борышын Қарағандыда өтейді. Бұл жолы сарбаздар Қарулы күштер сапын толықтырады. Жастарды жақындары және өңірдегі ардагерлер құрметпен шығарып салды.