Ауған соғысы ардагеріне арналған ескерткіш тақта ашылды. Ясный тұрғын алабындағы жалпы білім беретін орта мектептің қабырғасында енді "Қызыл жұлдыз" орденінің иегері Сағит Сейтеновтің суреті ілулі тұр. Салтанатты сәтке Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері, әскери қызметшілер, қаруластары мен туыстары қатысты.