18-ші мамыр күні облыста ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. 6 ауданның 13 елдімекеніне дауыс беру арқылы жаңа әкім тағайындалмақ.
Саяси науқанға 41 үміткер қатысқалы отыр. Кандидаттардың 9-ы "Аманат" партиясынан, 1 үміткер- "Ауыл" партиясынан, қалған 31-і өзін-өзі ұсынушылар.