Жыл сайын жаһан жұрты 29 сәуірде Халықаралық би күнін атап өтеді. Бұл мереке 1982 жылдан бастап ЮНЕСКО халықаралық би кеңесінің бастамасымен француз балетмейстері Жан-Жорж Новеррдің туған күніне орай ұйымдастырылады. 


Айтулы күнді бүгін шаһар өнерпаздары да елеусіз қалдырмады. Қалалық мәдениет сарайында өнер ұжымдары бірігіп, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда би өнерінің жетілмеген тұстары айтылып, дамыту жолдарына қатысты мәселелер талқыланды