Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған танымдық шара мектеп-гимназияда да өтті. Балаларға мерген ару жайындағы тарихи оқиғалар айтылды. Кейін оқушылар мен мұғалімдер мектеп ауласында әскери бөлімше қызметкерлері дайындаған ұрыс жүргізудің әдіс-тәсілдерін тамашалады.