Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры тарихи-биографиялық мюзикл әзірледі.
Мерген қыздың өмірі мен майдандағы ерлігі жайлы музыкалық пьеса мамырдың 7-8-9-ы күндері көрерменге жол тартады. Қойылымды сахналауға Астанадан арнайы мамандар шақырылды.
Премьера алдында театр майталмандары бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесіп, журналистердің сұрағына жауап берді.