Ақтөбелік жастар “Жау жүрек – мың баладағы” батыр Таймаспен, “Қазақ елі” телехикаясындағы Бұрындық ханмен жүздесті. Иә, бұл – кино әлеміндегі кейіпкерлер ғана.
Ал олардың шынайы өмірдегі иесі – қазақстандық танымал актер Аян Өтепберген.
Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесу – жастарға шабыт сыйлады.