Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінде соғыс ардагерлерінің ұрпақтары бас қосты. “Ұлы Жеңіс - Мәңгілік ел жадында” деп аталатын шара Хромтау аудандық тарихи өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткізілді. Жиында майдангерлердің балалары сұм соғыс жайында естіген естеліктерін бөлісті. Сонымен қатар, ақтөбелік батырлардың ерлігін насихаттайтын “Біздің жерлес батырлар” атты жылжымалы көрме қойылды.