Биыл 806 мың гектардан астам жерге егін егу жоспарланған. Алқаптарды әртараптандыру мақсатында майлы дақылдар мен мал азығын егетін жер көлемін ұлғайту жоспарда.

Бүгінде диқандар тұқым көлемімен толықтай қамтамасыз етілген. Көктемгі далалық жұмыстарына қажет техникада сақадай сай тұр дейді жауаптылар.

Жұмыс жайы брифинг барысында айтылды.