Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында шағын футболдан Әкелер турнирі ұйымдастырылды. Футбол академиясында өткен шараға аяқдоп үйірмесіне қатысып жүрген жеткіншектердің әкелері шақырылды. 8 топқа бөлінген жүздей әке жарыс жүлдесіне таласты. Әйтсе де бұл жолдастық кездесу жеңіс үшін емес, тәрбие жолында мәні зор шара дейді әкелер қауымы.