Демалыс күндері "Жастар" спорт аренасында қазақ күресінен 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында "Балуан Шолақ" республикалық турнирі өтті. Биыл төртінші рет өткен дәстүрлі додаға Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан және Ақтөбе өңірінен барлығы 250-ге жуық спортшы қатысты.