"Мерген сарбаз". Осындай атаумен шаһарда мектеп оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату турнирі басталды. 10 аудан мен қаладан 50-ден астам оқушы қатысып, бақ сынап жатқан жарыс 2 күнге созылады.
Ертең турнирдің ақтық кезеңі өтеді.