Сенбіде "Өңір таланттары" аймақтық көп жанрлы өнер байқауы өтті. Дарынды жастардың өнерін шыңдауға арналған дода атаулы мерейтойларға арналды.
Байқау барысында қатысушылар халық билерін, эстрадалық заманауи және дәстүрлі әндерді орындап, өнерін көрсетті. Жарыс Сазды мәдениет үйінде жеті жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жыл сайын қатысушылардың саны да артуда.
Айта кеткен жөн, бүгінде Сазды мәдениет үйінде 150-ге жуық бала қатысатын тоғыз үйірме жұмыс істейді.