Белсенді жастар осы аптада "Таза бейсенбіні" облыстағы зағиптар қоғамының ғимаратында өткізді. Ерекше жандар паналап отырған орталықтың маңын күл-қоқыстан арылтып, цехтың ішін реттеді, шаңын сүртті.
Қос жанарынан айырылса да өмірге құштарлығын жоғалтпаған қоғам мүшелеріне қолғабыс етті.