Ұлттық кітап күніне орай шаһардағы Абай ескерткіші алаңында «Кітап әлемі» Book Tourism шарасы өтті. Театр әртістері сахнада әдеби қойылымдар сомдаса, балалар ашық аспан астында сурет салды.
Көрмені тамашалаған қала тұрғындарына әлем және қазақ классиктерінің үздік туындылары ұсынылды.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақынның шығармалары ұлықталды.