Аймақ басшысы Ырғызға іс-сапармен барып, жаңадан ашылған аудандық орталықтандырылған кітапхананың жұмысымен танысты. Заманауи ғимараттың – мәдени әрі зияткерлік ортаны қалыптастыруға үлкен мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Әрі Асхат Шахаров аудандағы су тасқынына қарсы атқарылған жұмыстарды көріп, жөнделген су бұру құрылғысы мен салынған бөгеттердің қауіпсіздігін бақылады. Жолай бірқатар кәсіптік нысанды да аралады.