Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің қатары толықты. Бүгін 16 адам департамент құрамына қабылданды. Құқық қорғау саласында қызмет етуге бекінген жастар салтанатты түрде ант етіп, елге адал болуға серт берді.
Мамыр мерекелерімен тұспа тұс келген шараға тыл ардагерлері, бір кездері дәл осы салада абыройлы қызмет еткен аға буын өкілдері шақырылды.