Қару ұстап, суретке түскен, кейін оны әлеуметтік желіге жүктеген жасөспірімдер жауапқа тартылды. 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер пышақ, кастет, тапанша сияқты заттарды ұстап түскен бірнеше фотосуретін "TikTok"-қа жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде алты жасөспірімнің жеке тұлғасы анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында анықталғандай, олардың бесеуі – Ақтөбе қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, ал біреуі – аудандық мектептердің бірінің жоғары сынып оқушысы.