Негізгі Жаңалықтар БІЛІМ ОРДАСЫ ЖАҢА КАБИНЕТТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

БІЛІМ ОРДАСЫ ЖАҢА КАБИНЕТТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ



Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп лицейі жаңа кабинеттермен толықты. Білім ордасында енді "Атамекен" деп аталатын кабинет бар. 


Бұл балалар бойына ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік тәрбиесін сіңіруге арналған орын. Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың орталығы болмақ. 


Айта кеткен жөн, көрнекті ғалым, Қазақстаннан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 126 жыл толуына орай білім ордасында ғылым апталығы өтуде.  

Бөлісу