7 сәуір - Ерлік күні. Бұл атаулы күн Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан ҚР ішкі әскерінің сарбаздарын еске алу мақсатында белгіленген. Осыдан 30 жыл бұрын шекарада қазақстандық 17 жауынгер ерлікпен қаза тапты. Шабуыл жасаған содырларға қарсы тұрып, қазақ батальонының намысын қорғаған ерлердің есімі ел есінде. 66/55 әскери бөлімі сарбаздар мен ардагерлерді жинап еске алу кешін өткізді.