Елімізде Жеңістің 80 жылдығына орай "80 алғыс сөз" челленджі өтіп жатыр. Бүгін облыс әкімі челледжді қолдап, қарттарымызды ардақтап, қал-қадіріміз жеткенше қайырымдылық жасауға шақырды. 


"Шындығында, ерлікті есте сақтап, Жеңіс жолында майданда қан, тылда тер төккен барша майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтып, құрмет көрсету біздің қасиетті парызымыз. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан қорғауға атсалысты. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында өшпес із қалдырды. Біздің аталарымыз бен аналарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастарына зор үлгі. Ендеше өңіріміздің әр тұрғынын қазыналы қарттарымызды ардақтап, қал-қадіріміз жеткенше қайырымдылық жасап, оларға қолдау көрсетуге шақырамын" деп жазды парақшада.