Бүгін Орталық Азия бойынша медиа саласының мамандары Астанада бас қосып жатыр. Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ұлыбритания, Қытай, Қатар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат келді. Биылғы форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады. Медиа саласының мамандары екі күн бойы болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект және көп дерек кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы жайын талқылайды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бірлескен телеарна мен өңірлік медиаплатформаны іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.