Соңғы екі жылда облыстың ішкі істер органдарында 30-ға тарта сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген. Қызмет бабын асыра пайдаланғандардың арасында патрульдік полиция қызметкерлері , көші-қон қызметінің мамандары бар.
Құқық қорғаушылар арасында осындай фактілердің алдын алу мақсатында бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттарымен кездесіп, дәріс оқыды.