Жарты ғасыр бұрын салынған Ақтөбе теміржол вокзалы қайта жаңартылып жатыр. Құрылыс жұмыстары бүгін басталды. Мердігер мекемелер бекітіліп, техника мен жұмыс күші сақадай сай. Жауаптылардың айтуынша, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Бұдан бөлек, алты ауданның да вокзалы реконструкцияланады. Олардың арасында 1 ғасырдан астам тарихы бар ғимараттар бар.