Ахмет Жұбанов аллеясына алпыс түп көшет егілді. "Туған қалаңа ағаш сыйла" акциясына жастар аға буын өкілдерімен бірлесіп үлес қосты.
Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында "Жасыл ел" жасағының сарбаздары мен белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері аллеяны тал-теректің алуан түріне толтырды.
Акция аясында қаладағы саябақ, сквер, гүлзар мен демалыс алаңдарының аумағына көк желек егу көзделген.