Интернет алаяқтардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Күн сайын киберқылмыскерлер азаматтарды алдап-арбаудың жаңа түрін ойлап табады. Полицейлер соңғы уақытта "жалған сәлемдеме" арқылы несиеге белшеден батқан азаматтардың шағымы күрт көбейгенін айтады. Алаяқтар енді "Қазпошта" атын жамылып, құйтырқы әрекеттерін жалғастыруда.