Аймақта туристік нысандардың жол картасы әзірленіп жатыр. Онда енгізілген жоспар бойынша облыстағы туризм саласы толық цифрландырылады. Сондай-ақ, аталған саладағы инфрақұрылымды дамыту да басты назарда. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.